Posted in

ҚАТЕР КӨРДІ

Сақтанды, қауіпке балады. * Абай Дәркембай шалдың да келiсiн қатер көрiп едi. Оның да қағазы жаман болатын. М.Әу. ~ Намыскер, ызалы кедей асқақ байға қарсы кекшіл семсер суырады қынаптан!..- деп, өлендетіп тоқтағандай болды. Мағаптар дәл бүгінгі кеште осыдан арғы сөздердің айтылуын қатер көрген сияқты. М.Әу. ~ Қайта бөлу шараларына ашық болғанымен, Джефферсон күшті орталықтандырылған үкіметті бостандыққа төнген қатер ретінде көрді. БАҚ