Лезде тарап кетті. ~ Сондай бір бұралқы әңгіме ақшам кезінде шикілі-пісілі котлетке тойып алып, томпи таулардан лекіп соққан самалға жалаңаш кеуделерін төсеп тастап отырған сушылардың арасында қау берді. М.Қаб. ~ Көк түтін көлбеді. Өрт осылай қау берген. М.Қаб. ~ Бәрін басқарып жүрген өзі екен деген сөз қау ете қалды. Міне, сендер туралы естігеніміз осы. – Мейлі, сол қауесет қау ете қалған күйінде қала берсін. З.Нұр. ~ Одан соң топырақ жылып, күн күркіреп, жауын жиі-жиі төге бастағанда қау ете қалған қызғалдақтар біресе шоғыр шеңбер, біресе қошқар мүйіз, біресе жылға жағалай ұзын ирек түрлі өрнектер салып тау беткейін «текеметтің түріндей» жайнатып жіберді. Е.Әлім.
