Қауқарсыз, бос даурықпа, өр көкірек. ~ Ру сұрасқанды, рушылдық кері тартпалық деп түсіндірген қасаң қағиданы қалың қазақтың қабылдамауының мәнісі содан екен. Шынында осы әлгі «Қай баласың?» деген қау көкірек шалдардың, атамыз басқа болып шықса, теріс айналып кеткен жерін көрместен-ақ жетіп едік қой осы жасқа. Ә.Спан. ~ Тасқұрсаудай сыға түскен отаршыл зорлықтың “қорлық берем! ” деген қаукөкірек бопсасына босамай, “Елдік! ” деп ереуілдеп, “Еркіндік! ” деп ерегісіп түрегелгенін түгел қабылдар едіңіз. С.См. ~ Ал сырттай қарағанда, бүгінгі жағдайым – «Бөрі арығын білдірместің» кебі. Бұрнағы зор сенімнен қау көкірек қана қалған. Сөйтсем, мені бұрнағыдан да үлкен сын күтіп тұр екен. М.Мағ.
