Posted in

ҚАШАН АЙТТЫҢ ДЕМЕ

Осы сөзім есіңде болсын д.м. ~ Отыз жетінші жылда да солай, сорлы қазақ бірін- бірі құртқан. Қашан айттың деме, құдыреті күшті Құдай халық басындағы қу тағдырдың бетін жүз сексен градусқа өзі бұрмаса, отыз жетінші жыл аумай- төкпей қайталанады, əлі көрерсің! З.Қаб. ~ Ал саған айтарым; Әлібековтен аулақ жүр. Байланыспа онымен. Ол сені тобығыңнан бір қақса, ұшырып жібереді. Сен маған осы сөзді түбінде қашан айттың деп жүрме! Б.Соқ.