Posted in

ҚАШПАҒАН СИЫРДЫҢ (ҚАШАРДЫҢ) УЫЗЫНАН ДӘМЕТТІ

Қолдан келмейтін іске дәме арту; болмас дүниеге, бос сөзге емексу. Болар-болмасы белгісіз, дүдамал нәрсе туралы. * Зәрипа енді жауаптан күдер үзді, туыстарынан көмек күту – қашпаған қара сиырдың уызынан дәметкенмен бірдей екенін түсінді де, енді қайтып оларды хат жазып, жеделхат жіберіп мазалағанды жөн көрмеді… Ш.Айт. * – Ой-бо-ой, қашпаған сиырдың уызынан дәметтірдің-ау. Төрелікті сендерге бердім, мен – қарапайым жұмысшымын. О.Бөк. * Қашпаған қашардың уызынан дәметіп, мықтыға арқа сүйеп, тайтаңдаған башқұрттардың талапайына төзе берер жәйіміз жоқ дейді. Ә.Кек