Posted in

ҚАШЫРТҚЫҒА (ҚАШЫРТҚЫ) САЛДЫ

Сырғақсыды, тіл емізді, әлдебір істен қашқақтады. * Мұғалім. Сіздің бұлай деуге қандай қақыңыз бар! Елдің басшысы мен бе екем? Сіздер емес пе? Болыс. Мұғалім, қашыртқыға салғыңыз келе ме? М.Әу. ~ Не де болса, сол мал екеш малдың өзі ауылға әкеп жеткізгенде, оны танымаймыз, білмейміз деп, қашыртқыға салғандай, ауыл қотанынан алапестей аластау — мұсылман баласына жат қылық. С.Жүн. ~ – Е-е, қазақ әдебиетінің болашақ классиктерін «Қазақ әдебиеті» сыйламаса бола ма? – деп қашыртқыға салған Асқар Алтай өзі қызмет істейтін «Жұлдыз» журналын жөпелдемеде ақтап алсын. Ж.Шағ. ~ Майбасар сәлемi бiр келсе, соған iлес Жiгiтектiң бұл жауабы және келдi. Қыз бен жiгiт те жоқ. Алдына түсiп кiнәсын мойындаған Жiгiтек те жоқ. Жаңағы сөздiң бәрi – “тiл емiзу, қашыртқы салу” деп бағаланды. М.Әу.