ҚАЯУЛЫ КӨҢІЛ (ЖҮЗ, ЖАН, КӨКІРЕК) Әлденеге іштей қайғырып жүрген, қапалы жан. * Қаяулы көңілдің қос тамшы жасы денесіне от боп тиіп, жігіт бойынан лап еткен жалын боп шықты. К.Жүн. ~ Сәуленің қаяулы көңіліне қанат болған Нұрланның осы сөзі болатын. Ә.Әб.*- Оңаша бөлмеде, қараңғы түнде халық жаулары халықаралық жағдайды қарастыра келіп, қаяулы көңілдеріне медеу тапты. Ғ.Мұст. ~ Қараторы қыздың жарқын күлкісімен бірге қарттардың да қаяулы жүздері жадырап сала беретін. Бибіажар пысық. Кәрілерге кәдімгідей қолғанат. Ү.Жәл. * Жаны қаяулы кісінің сезімі ұшқыр келеді. М.Қаб. ~ Оның айран тамған сүттей бұзыла салуы әбден ықтимал. Сондықтан да көңілі әлі күпті, көкірегі қаяулы еді. Б.Қыд.
