Posted in

ҚАҒАНАҒЫН ЖАРЫП ШЫҚТЫ

ҚАҒАНАҒЫН ЖАРЫП ШЫҚТЫ Төл перзенті, өзі туған баласы д.м. ~ Шал бұған таңқалмады. «Сүйсе, қағанағын жарып шыққан перзенті ғой» деген сөз тіл ұшына келгенмен шүкәйттәй кемпірге сөйлей қоймады. Қ.Түм. ~ Қанша жерден қағанағын жарып шықса да, жеңешем құбыжықты көріп қатты шошығаннан жынданып кетіпті. Т.Сәу. ~ Көктемнің тәнінен ажырап, қарғынның қағанағын жарып шыққан бір түйір ғана тіршілік бес метр биіктен еденге қарай зулап, жалт еткен мезеттей қып-қысқа ғұмырын сүріп-ақ үлгірді. С.Сағ. ~ Сөйтiп, таң қылаң бере қораның шетiнде ұрыс басталды да жөнелдi. – Әй, әкемесең, сенiң қағанағыңды жарып шықпады ма, ант ұрған! Немене деп көкисiң?! Ә.Ыб.