Posted in

ҚАҒАНАҒЫ ҚАРҚ (ҚАРЫҚ), САҒАНАҒЫ САРҚ (САРЫҚ)

ҚАҒАНАҒЫ ҚАРҚ (ҚАРЫҚ), САҒАНАҒЫ САРҚ (САРЫҚ) Уайым-қайғысыз, бәріне ырза, көйлегі көк, тамағы тоқ д.м. * Анадай жерге барып, жалғыз өзі жер шұқып отырды. Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ күндерде сыйлас кісімен оңаша ұшырасатын жерде өз халіне өзі күлді. Т.Әл. * Жау қамаған қысылтаяң күндері кімнің не істегенін еске алысып, бір махалла екінші махалланы мазақ қып, қағанақтары қарқ, сағанақтары сарқ мәз-майрам боп қалысып еді. Ә.Кек. * Елден бұрын жеткендегі шыққан ұшпағым қайсы; баяғы өгіз аяң тірлік, қайта осы жолмен жүрмеген жұрттың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ … О.Бөк. ~ Әйтеуір біріне- бірі тігіл келмегендей. Екі елдің достығын құптап, қағанақтары қарық, сағанақтары сарық болған. Т.Рыск. ~ Тимофей көктен тілегені жерден табылғандай қағанағы қарық, сағанағы сарық болып, камераға сыймай дөңгеленіп жүр. С.Ом. ~ Бірде Бәкен келген күні Асаудың әйелі босанып, ұл табады. Асау: — Бәке, жақсы келдіңіз аман-есен жеңілденіп, балалы болдық, көптен күткен арманымыз еді, қағанағымыз қарық, сағанағымыз сарық болып жатырмыз, енді осы баланың атын сіз қойсаңыз деп отырмын, — дейді. Р.Кар.