ҚАҒУ КӨРМЕДІ Ерке өсті, ешкімнен зәбір көрген жоқ д.м. ~ Ұстаз реніш білдіріп,біраз сөгіс айтайын деп оқталды да: «Ел аралап, көрінген жерде жосықсыз айғайлап, әнді кәсіпке айналдырған соң ешкімнен қағу көрмей, тек қолпаш көріп өз әнінен өзі ығыр болған ғой. С.Жүн. ~ Шурик жүктің тасасынан оған жұдырығын түйіп еді, кішкентай қыз қағу көрмеген ерке болса керек, оған тынған жоқ. — Meн көрдім. Бәрібір айтам, — деп, қолын шапаттап секіреді келіп. Т.Ахт.
