Құдай қосқан жұбайынан, жақынынан, ел-жұртынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен т.с.с. бас тартты, жиренді. * Онда абажадай кең төсек бар, соңғы әлетте күйеуi жатып жүретiн. Ал өзi қағынан жерiген құландай, ерiнiң суық жүрiсiн аңғарысысымен-ақ балалар бөлмесiне «қоныс аударған». Ш.Құм. * Сергеевтердің өлімінен кейін өзіне де тықыр таялғанын сезіп, қағынан жеріген құландай елсізде жүр. Б.Тоғ. * Жақанның қағынан жерiген құландай бұзылуына мен себепкер емес, бiр қатынды сүйiптi, «өз қалауымен өмiр сүргiм келедi, босат менi», дегесiн, мейлi, бәрiбiр мен оған сүйiп қосылған жоқ едiм, әу баста, әйтеуiр сен екеуiңдi жеткiзсем, содан соңғысын көре жатармыз деумен жыл артынан жыл өткен. Ш.Құм. ~ Үздік- создық жүйесіз ой-запыранының жүйелі болмаса да жобасын, бар нәрін айтса былай болар
еді: «Құдай ғой мені Омарға құмар қылды, ел-жұрт алдында масқара қып байдан айырды, абыройдан айырды, қағынан жеріген құландай жалғыз қалдырды; жалғызым, күнім, жарығым Омарды да бір қырсыққа тап қылып, дос-дұшпанға күлкі қылды… Ә.Тар.
