Posted in

ҚАҚАС ҚАЛДЫ

Шет қалды; үлесінен айрылды. ~ Ең алдымен тіл қатқан Жиренше: — Шектен асқан шығынымен Шұбарын байытамыз деп жиылыппыз. Жазығың бар ма, ағайын? Дегенін істедік. Барды осыларға беріп, бүгін үлестен де қақас қалдық. Бізге де олжа түссің деп, тым құрыса мезіреті жасады ма? Ол-ол болсын, жә, мынау көргеніміз қай мазағымыз!?— деп, қатарында келе жатқан Күнтудың опырылып қалған ерінің қасын қамшысымен салып кетті. М.Әу. ~ Мешін апатынан әлдеқалай қақас қалған жұртты там-түмдап, ойдан-қырдан қайта жинап, тобымен қосақтап ұйыстырып, алдарына мал беріп, абыройлы жаңа мұрат — өткен жылдарда бас сүйектен қаланған социалистік мұнараның іргесін бекітіп, түпкілікті негіздеу міндетін жүктепті. М.Мағ. ~ Сармолла да осындағы бар молда сияқты: “Жаназадан анау көп алды, фидиядан мынау көп тапты. Мен аз алып қалдым, қақас қалдым!” – деп өзінше қызғанышпен өртеніп отырған сияқты. М.Әу.