Біреудің зорлығына, қиянатына шыдам танытпады, көнбеді. ~ Әйтпесе екі-үш жастан асыңқырап кеткен құс қақпайға көне қоймайды. Әм ісіңіздің мәнінің қиысуы да екіталай. БАҚ. ~ Көнбедi көңiл қақпайға, Қаншама мұңға килiктiм. Ақындар бақыт таппай ма, Сойылын соқпай билiктiң. Қ.Бег. ~ Қартайғанда кемпірінен бөлініп қылық шығарған кәрі шөңге айдаладағы адамды жұрағат тұтса, ұрлық та болса ақсақ егерьдің ошағына қатысы бар Сиғатқа Жақыптың түбі күйеу боп шықпасына кім кепіл?.. Тірлік деген шіркіннің ноқтаға көнбейтін, қақпайға жүрмейтін қырсықтығы осы да. Қ.Ысқ.
