Жайпақ, қайқы бел жылқының сипаты. ~ «Әй, қақпан бел қара керім ай, қайратың қандай болса қайрымын да сондай ау», – деп Олжай ішінен Дәменді аймалап тұр еді, ол қуанышы баянды болмады. Ә.Әб. ~ Жылқы iшiнде бiр ақ танау, жирен құнан болды. Бiтiмi бөлек. Салқам төс, шоқтықты, қақпан бел. Т.Сәу. ~ Жүрсе де жаздай құры болмайды тоқ, Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ. Қақпан бел, қалбағайлы, үңгір сағақ, Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ. Т.Сәу. ~ Салқы төс, қақпан бел торыға мінген Қасым батыр десе дегендей, батыр тұлғалы, кеспелтек, қысқа мойны бұрылуға келе бермейтін дойыр кісі болып көрінді Боранқұлға. Ғ.Біл.
