Posted in

ҚАҚТАЙ САУДЫ

Түгін қалдырмады, түгелдей тауысты. ~ Төстік аға да жас болғанымен дөй екен. Балалар өмірін қақтай сауып, сан алуан повесть, әңгімелер жазыпты. М.Қаб. ~ Өзек талдырып, өмір өксіткен уайымшыл бір тыныштық, бар қуатыңды құмарлығымен қоса қақтай сауып тауысқан нәумез шақ. Сен жұртқа, жұрт саған жексұрын көрінетін сияқты. Қ.Ысқ. ~ Осы келгеннен-ақ шошып ем, әй, бүлдіреді-ау деп. Қаймақ жоспары орындалмай қалады деген боп, сиырды қақтай саудырды, бұзау оңсын ба сосын? Б.Май.