Ортасынан екіге жіктеді; бөлді, жыртты, тас-талқан қылды. * Мұрыны Мұзбалақтың көкте мүлгіп, Ақтасты аспанға әдейі тірелгендей. Қар кете қарлы аланы қақ айыра, Қаптағай қаптай көшеді Бүйенді өрлей. І.Жанс. * Алақанымның әр жері суланып, күлдірей бастағасын қол орамалымды қақ айырып, таңып тастадым. М.Қаб. * Өксігімді ұмыттырып нұрлы әлем. Ұшармын-ау аңсап күткен шақ келіп, Өмір сүйгіш өзегімді қақ бөліп. М.Рай. * Қара Ертiс дедiк, Сарысу, Ақжайық дедiк, Қалықтап ұшып, әлемдi қақ жарып келiп, Қиядан шалып, қарағым, қатарлас қондым, Қиюы келдi дүние жап-жарық болып. Ұ.Есд.
