Адамның көз алды. ~ Мына бір ақша бұлттың құндыз болып құлпыруын ай. Өзі кейде тұйғынға ұқсап кетеді екен ау, — деді қақ маңдайда қалықтап жүрген бір шөкім ақша бұлтқа күлімсірей қарап. Ә.Әб. ~ Есікті ашып қалып тура қақ маңдайында жарқырып тұрған сары жұлдызды көріп тұла бойы дір ете қалды. Қ.Мүб.
ҚАҚ МАҢДАЙДАН
Дәл, тұп-тура шекеден. ~ Әкеңнің аузы…- деп келіп, Айдосты қақ маңдайдан қамшымен тартты ғой. Т.Әбд. ~ Айтуға үлгермей қалған кемпірдің қаны енді басына бірақ шапса керек, қолындағы ожаумен немересін қақ маңдайдан тарс еткізіп салып қалды… Қ.Мүб. ~ Әншейiнде сәл-пәл десi жүрген тұсында құдайдың өзi қарсы келсе қақ маңдайдан салып қалудан тайынбайтын пақырлар мұны қайдан ұқсын. Ә.Ыб. ~ Бұл үкім тап қазір орындалады», — деп Нұраш қара есекті жеті атасынан сыпыра сыбап, мылтығын кезене беріп, қақ маңдайдан тарс еткізіп атты да тастады. Қ.Бег.
- Турасынан, тікесінен. ~ Неге көңілсізсің, Асан? – Сұрақ тура қақ маңдайдан қойылды. М.Қаб. ~ Мұқанға тағылған бұл айыптар Марғуаны қақ маңдайдан гүрзімен ұрғаннан да ауыр тиді. Есі ауғандай тұрған жерінде теңселіп кетті. Ш.Бей.
