Posted in

ҚАҚ-СОҚПЕН (ҚАҚ-СОҚТА) ІСІ (ЖҰМЫСЫ) ЖОҚ

Көлденең іске, өсекке жаны үйір емес. * Төлегені түз баласы болғалы, көзге тоғанақ боп, өзін күтетін, сыйлайтын қарағы — Ақбілек еді. Ажары да, мінезі де қолайына жағушы еді. Қақ-соқпен ісі жоқ, әдеп-өркенді, салмақты боп өсіп еді. Ж.Айм. ~ Сәтін салғанда таксопарктің бастығы ашық-жарқын, қақ-соқпен жұмысы жоқ жайдарлы жан екен. С.Байх. ~ Момын, қақ-соқпен жұмысы жоқ немере туысы Омардың Құсайыны колхоз малының соңында жүргенде қолды болғанда, Сейфекең санын соғып: — Ә, тәрізі жаман екен! Жәнібек ұрпағынан жан қалдыр- мас. Ендігі кезек менікі, — деген. Ө.Кәр. * Былайғы жұрттың, көзінде «бүркіт салудан басқаны білмейді» дейтін, қақ-соқта жұмысы жоқ ол, іштей хан тұқымының айнымас ері болатын … С.Мұқ. * Маңындағыларға көзінің қиығымен ғана маңғаздана қарап, қақ-соқта жұмысы болмай сабырлы отырған толықша, мол кеуделі, бұғақты қараторы қыз барылдауық қоңыр үйрек сияқты. С.Жүн. * Таңсыққожа есті азамат еді, қақ-соқпен жұмысы жоқ, ағайынғада жағымды болды. З.Шүк.