Тағдырдың айдауымен бармаған жері қалмады. * Үйір- үйірімен елсізде жосып жүреді. Соңында аңшы. Сары далада сағым қуып қаңбақтай домалаған аңшы үйі сай- сайды сағалап, кемер- кемерді жағалап көшеді де жүреді. Ү.Жәл. * Енді Меңтайдың жанына жақындамаспын, оған ешқашан бір ауыз тіл қатпаспын» деген антымды мен біржола ұмыттым. Жел қуған қаңбақтай домалап, жанына жетіп барғанымды өзім де аңғармай қалдым. Ә.Нұрш. ~ * Тамырын үздірердей бір ғана шалыс басса, тағдырының дауыл өтіне түсіп алып, анау қаңбақтардай домаламасын кім білген? С.См. * Алдыңғы екеуін дүлей соғыс қылышпен шапқандай кілт үзіп тастады да, өзімді қаңбақтай домалатып белгісіз жаққа алып кетті. Т.Ахт. * Асығыс босқан ауылдың жұртында қалған қазан- ошақ, түюлі тең, буулы жүк, кереге – уықты шайқап – шайқап алды да, бір кезде қаңбақтай домалатып апарып, долы Таластың қойнына күмп – күмп ұрды. С.См.
.
