Posted in

ҚАҢБАҚТАЙ ҰШЫРДЫ (ҰШТЫ)

Жойқын күштің әсерінен быт-шыт болды, желге ұшты. ~ Судың сарқыраған гүрілінен құлақ тұнады. Әлдеқандай долы күш дөңбекшіп ала сұрып, тастарды қаңбақтай ұшырып, бұлқынып кеп жағаға соғады. Ш.Айт. ~ … бiр мықты тегеурiн оның сом тұлғасын қаңбақтай ұшыра жаздады да, маңқиған үй таманға қайта бұрылтты. Р.Райым. ~ — Ә, залым бала! Қолға түстің бе. Басқа ештеңе деместен, іс-міс жоқ, әлгі мені қаңбақтай ұшырып, сүйреп әкетіп барады. Б.Соқп. * Жол салынып жатқан әр тұсқа жарылғыш заттарды бұрғылап көмген екен, бір мезгілде жер-дүние тітіреп, бұрқ-бұрқ, тарс-тұрс атылған динамит Шоқпар асуының түйедей тастарын қаңбақша ұшырды. Б.Тоғ. ~ Сөйтіп, Ашақ пен Мәші жаулықтан, біріне-бірі ойлаған қазауаттықтан жындана жаздады. Беттерін самал болып, рақаттандыра желпіген ауқымды мол қазына құйындай ұйтқытып жүре берді. Тең-тең асыл бұйым қаңбақтай ұшты. Ж.Нәж.