Posted in

ҚАҢҒАЛАҚ ОЙНАТТЫ

Шыр айналдырды, алып ұрды. ~ Жолсыз жермен арбаны анда-санда аяғын жерге бір-бір тигізіп, қаңғалақ ойнатып, тарсылдатып алып қашып келеді. Айғыр тулай шабады. С.Сей. ~ Осыны естіген мерген мылтығын көтере беріп кезенген бойда-ақ бозторғайды бұрқ еткізіп, қауырсындарын көк жүзінде қаңғалақ ойнатады. Ж.Ауп. ~ Жанына батқан соққы бейшараны ер үстінде қаңғалақ ойнатып, әп-сәтте топ еткізіп жерге жұлындай ұшырды. Жаһан енді келесісімен құйрық тістесті. Ә.Ыб.