Бүйрегі бұрды, жаны ашығансыды, іш тартты. * Апырым-ай, осы жұрт не боп барады? Туысқаны емес, жақыны емес, әлдеқайдағы бір шал үшін осылардың неден қимасы қышиды? Б.Майл. * Қ а л а м ү ш. Сенің не қимаң қышып барады. Қойыңды әкең мен анаң бағып береді. Саған бригада неге керек. Т.Ахт. * Әріп Меруертке: – Сенің қимаң кісілер келсе қышиды екен! – деп тап берді. Т.Әлімқ. * – Оған бола қимаң қышымасын! Екі туып бір қалғаның емес! Көргеніңе екі – ақ жұма болып еді ғой. Қ.Ысқ. – Сіздің неғып қимаңыз қыши қалды, әке-шешем елшілікке жіберді ме, әлде біздің үйге қолбалалыққа жалданып па едіңіз? О.Бөк. ~ Ешкім айып салып жатқан жоқ қой. Несіне сен… Сенің малың емес ұрланған, несіне қимаң қышиды? С.Жүніс.
- Көлденеңнен килікті, жорта әлек болды. * Бетім-ай, мына көргенсіз не дейді?! Сенің қимаң неден қышыды? Б.Майл. * “Не қимасы қышып жүр осының? Менїң баламның не істегенїнде қандай шаруасы бар?” С.Шайм. ~ Менің Арқада малым жоқ, еру елмін. Осы ой да маған жетеді. Артық шашылып жатқан малы болса, Сүйінғара өзі бере берсін. Менің бұл іске көп қимам қышымайды, – депті. М.Әбд.
