Posted in

ҚИСАБЫ (ҚИСАП) ЖОҚ (БОЛМАДЫ)

Сансыз көп. ~ Олардың бойларына асынып келген қаруларынан басқа, атпен әкелген қаруларының да қисабы жоқ. С.Мұқ. ~ …Бенарес. Бүкіл Үндістаннан жиналған қисабы жоқ халық. Т.Әс. * Тақыртөбенің желкесіне шықса, ұрпақ жалғастырудың табиғи түйсігімен жиналған құрда қисап жоқ, қара құрым екен. К.Сег. * Тойға арнап тігілген үй мен берілген қонақасыда қисап болмаса керек. С.Мұқ.