Әлдебір шаруаның жөнін таппады, ретін келтіре алмады. ~ Бұрын ондай сөздеріне Абай араласып та, тыңдап та көрмеген. Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. Бір ойдан Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен деп ойлады. Бірақ еш нәрсенің қисынын таба алмады. М.Әу. * Қаруына қол созбаған жiгiттi ендi тоқтатудың қисынын таппаған Қамбар тұрған орнында қала бердi. К.Сег. * «Шешеден қыз қалмасын, түйеден тұз қалмасын» деген емес пе, алыстан қосылар ағайын болғанмен, ет жақыным жоқ, елге қайтудың ешбір қисынын таппадым. О.Бөк.
