ҚИСЫНЫ КЕЛМЕДІ Реті келмеді, жөні болмады. * Бәрі бас қосып кеңесе бастайды. Әр адам әр түрлі мәслихат айтады. Бірақ ешқайсысының қисыны келмейді. ҚЕ. * Түпкі мақсаттары — халықтың ең шүрайлы жерлерін тартып алу екеніне ерте көзі жеткен Сегіз әуелі ауызекі наразылық білдіреді, қисыны келмеген соң атқа қонады. БАҚ. * Жол болса ұзақ. Осындай алыс сапар үстінде екі қолыңның алдына сыймай қалатын әдеті емес пе. Зеріге бастайсың. Содан ба, жаңа бір таныстықтарды іздейсің. Сөйтсе де соның бір қисыны келе қоймайтын да кезі болады екен ғой. С.Шайм.
