Жынын келтірді, шамына тиді; ызаландырды. ~ – Сіз де “жалаңаш төс кедеймін” деп Одақ кезінде бастықтарға бүйідей тиюші едіңіз ғой?- деп Ырымбайдың құйын білетін Дарқан қитығына тиді. Т.Рыс. ~ Өкпе айтатын алда да күндер болар. Адамның қитығына тимей отыр! – деп Бөлен Толқынға ашулы көзімен бір қарап қойды. Ә.Шәр. ~ «Соғыс жағдайында өкіметтің жұмысын тоқтатып… Әкеңнің дәл аузына…» деп тас төбеңнен төнгенде, кірерге тесік таппайсың, қан-сөлсіз қатын қара тастай қатал, қитығына тисең кім екеніне қарап жатпай ат бауырына алып сабаудан тайынбайды. Н.Дәу. ~− Түу, сен қыз да қойсаңшы енді, адамның қитығына тие бермей,- деді Қыдырман кенет тісі ауырғандай кіржиіп. С.Мұр.
