Қитұрқы әрекет, қисынсыз айып; сыныққа сылтау, пәле іздеді. ~ Сол көзқарасымыздан талай ағаттық та, ақымақтық та жіберген болармын. Қитықтан ситық тауып, күйедей жұққан, аңғыртқа шапқан, домбайдың әңгісіндей ұрынған жерім болған емес. Б.Қыд. ~ Мына жігіттің соңғы сөзі салмақты. Егер қитықтан ситық тауып ағасына жамандап барып жүрсе… Одан да өлім жақсы емес пе? Б.Қыд. Халықты салық салып титықтатқан, Қитықтан белсенділер ситық тапқан. Қаулатып қастандықтың қызыл отын, Момынды қой басындай үйтіп баққан. Н.Айт. ~ Олардың нысанаға алғаны – сен емес, мен ғой. Қитықтан ситық шығарып, қалайда менің күнәмді көбейте бергісі келеді. Қ.Жұм. ~ Сөйлесуің самарқау ғой, түге, – деп кіділене қалды. Табан асты қитықтан ситық шығарайын десе өстіп ілінісе кететіні бар. Б.Әдет.
