ҚИУАДАН ЖОЛ ТАПТЫ Қиыннан қиыстырды, қиын жағдайдан шығудың амалын тапты. ~ … жігіт жауынгерлік тапсырманы қашанда ойдағыдай
тындырып, ұдайы жасағының алдында жүріп үрысқа өзі бастап кірісетіні, қиналған жерде қиуадан жол тауып кететіні үшін
сарбаздары жанындай жақсы көріп, атақ-даңқы кең жайылған- ды. С.Ақт. ~ Әйтеуір қиуадан жол тауып, қиыннан соқпақ
салатын тапқырлығының арқасында аттарының тоқымын мұзға төсеп, жабысқан киізді жол қылып, аттарын жиілей айқаса
жүріп, мұз құрсаудан әрең құтылған. С.Ақт. ~ . Бұнікі суға кеткен тал қармайдының кері. Әйтпесе атақты сахна
саңлағы, одақтық парламентке депутат, қырғи тілді Қалибек Қуанышбаевті сөзбен жеңу бұған тау
құлатқанмен бірдей. Дегенмен, кейде қиуадан жол таба- ды. Ө.Кәр.
