Асқан шеберлікпен өрнектелген сөз, ой, пікір, өлең жолдары. ~ Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Абай. * Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. БАҚ. * Ой салтанаты биік майталман ақындарымыздың жыр жайлауына сапар шексек, сөз патшасы өлеңді қиыннан қиыстыра өрнектеген шырайлы шумақтарды көреміз. БАҚ.
