Posted in

ҚИЫС КЕТТІ

Жаңсақ басты, жаңылысты. * Ұ л т у ғ а н . Қит етсе мінеп, қиыс кетсе күзеп, жалғыз ұлды сен – ақ жасытып біттің – ау! Қ.Ысқ. * Осылай десем түзу жобасынан онша қиыс кете қоймаспын деп, шамалап айтты. С.Омар. * Дүниеде пендешілігін мойындайтын да, қыңырайып қиыс кететін де кісі бар, әйтеуір қолдан келсе бойындағы кем- кетігін басқаға аудара салуға бейім, өзінікін ақылдылыққа саятын да адам аз емес. М.Сүн. ~ Қиыс кетсем қиянға жеке беттеп, Осы ұяны ұрпағым мекен етпек. Ақ бораннан ықпайтын қазақ едім, Оранатын тұйықтап текемет жоқ. Н.Айт.