Posted in

ҚИЯЛ КӨЗІМЕН ҚАРАДЫ (КӨРДІ)

Әлдебір құбылысты ойша көз алдына келтіру. ~ Екінші жағынан, жезтырнақ, жалмауыз кемпір әңгімелері ерте заманда жаратылыс стихиясы байланысып, Сібірдегі бұрынғы қалың орманды мекен қылған жұрттардың жаратылысты қиял көзімен қарап тануынан да тууы мүмкін. Ә.Марғ. ~ Ал, бірақ жан-жүрегі бәрібір үйіне бала-шағасына айналып соға береді. Қиял көзімен соларды көреді. Солармен ойша тілдеседі. С.Ел.