ҚИЯС ТАРТТЫ Кері кетті, басқа жаққа әкетті. ~ — Әруақ сыйлаған қазақпыз ғой, — деді Сегіз. — Атамның алдын кесіп өту қиын болып тұр. Бірақ шал қияс тартты. Екі жыл өткен екен, айттырған қалыңдығым құдай ісі болып өлді. Мал беріп, қыз айттыратын болса қайда жүр? Соның аузына қарап осы кезге шейін келгеніміз жоқ па? З.Шүк. ~ Апамның жібергісі келмей қияс тартқанына ренжіп, жек көріп жатсам да, мына мақтағаны жаныма майдай жағып барады. Т.Сәук. ~ Бастапқыда бас беріп, жөнге иліккенімен, бұл тұста қияс тартты. Шынашақтай баланың түзу жібермей, айналымға салғаны шамына тиді ме, тізгінін сүзе оқыс төмен тұқиғаны. Ә.Ыб.
