Posted in

ҚИЯҒА ҚАДАМ БАСТЫ

ҚИЯҒА ҚАДАМ БАСТЫ Алға, биікке бет алды, алдына қойған мақсатына қарай аяқ басты. * Бір шақта ерге басып, енді міне қияға қарай да өрлеп келе жатқан тәрізді. Осындай өз тірлігінің бұраң жолын көрді. Қияға қадам басқаны рас. М.Әу. ~ Ол өзі Алматыда шегіп өткен жылдардың талай күйлері, көз алдынан шұбырып өткенін қызықтап та кеткен. Байқаса өмірдің бірталай қат– қабатынан, шытырманынан, бел– белесінен өтіпті. Қияға қадам басқаны да рас екен. Т.Рыск.