Posted in

ҚИЯҒА (ҚИЫРҒА) ҚАНАТ СЕРМЕДІ

Биік мақсатқа талпында, қол созды. ~ Сұңқарым едің, Төлеген, Қияға қанат сермеген, Мен—Атыраудың ақ маралы болғанда, Сен- қырағы мерген ең. Қос қанатым менің қапылыста қалды-ау қиылып, Орыныңды немен теңгерем?! Ф.Оңғ. ~ Ағаш екеш ағашқа дейін, торғай екеш торғайға дейін жарастық сәнін тапқанда, саналы Елеусіз қалай талпынбас? Ол поэзияға қарай талпынады. Қиырға қанат сермеп, биікке ұшқысы келеді. С.См. ~ Ағаш екеш ағашқа дейін, торғай екеш торғайға дейін жарастық сәнін тапқанда, саналы Елеусіз қалай талпынбас? Ол поэзияға қарай талпынады. Қиырға қанат сермеп, биікке ұшқысы келеді. Т.Әл.