Шу көтерді, шатақ шығарды. ~ Ат көрмеген есектен танбайды, дүниенің әмірі де, тәңірі де селсәбет деп білетін Қызылкөз мені де тізімге қос деп қиғылықты салған. Қ.Ысқ. ~ Құдайменде өлгелі софы ағасына жел бітті. Тәңірбергенді баласынып, билікке таласқысы кеп, әр кезде әлгідей үлкендігін арқаланып қиғылық салып жатады. Ә.Нұрп. ~ «Алтыния шешейдің өліміне құн сұрай келдік, Қарабеттен басқа ешкім емес мұны істеген. Қанға қан. Балаңды қолымызға бересің», – деп қиғылықты салып алдық. С.Жүн. ~ Осы қазақ жоқтан пайдакүнем келеді екен түге! Қиюсыздан қиғылықты салуын. Ойбай-ау, сақалды басымен ұялмайды өзі тіпті. Қ.Ысқ. ~ Жерге түс, көкке үш, құдай алдында да айтарым осы! Көзіме ілінсе, көңілімнен шықса, көлденең көк аттыны құр жібермедім! Ал! – деп безеріп алған Ақтоты жұқа танауы желбіреп, қиғылық салды. C.См.
