Момын, жуас. ~ – Мен мұны естігеніме қуаныштымын, маған мұндай сөзді естігеніме жақсы. Қойдай қоңыр қатыныммен жиырма жыл өмір сүрдім, енді өзгеріс болады, қатыным қасқыр болады. Ж.Айм. ~ Пәтерден пәтер ауыстырып, сандалып жүрген кезімізде қойдай қоңыр еді. О.Бөк. ~ – Ол бүгіннен бастап менің иелігімде. Оған енді сен сияқты қойдай қоңыр, төменшік малшылар әулетінен де, керек десең аңшылар әулетінен де ешкім жолай алмайды. К.Оразб.
