Posted in

ҚОЙЫН ҚАЛТА

Киімнің ішкі қалтасы. ~ М: …жарнамыз төленді, — деп Манарбек қойын қалтадан екпінділік билетті суырды. Б.Майл. ~ – Япыр-ай ә, мынауыңыз бір естен кетпестей керемет болды-ау, тәте, – деп әсерленген күйі қойын қалтасынан қаламын алып атын жаза бастады. С.Ғабб. ~ Қария менің қарсылығыма қарамастан, тағы да құнжыңдап, қойын қалтасынан куәлігін шығарып, көзімнің алдына тосты. . Т.Шап.