Күнделікті шаруа, күйбең тірлік. * Әуелі сыбағалы көтеніңе ие бола алмай, Жаңылға жегізіп отырып, сен билік соққанды не қыласың? Саған неткен билік? Жүре бер қойыңды құрттап, қойыртпағыңды ұрттап. Сенде түйсік, сенде мынамдай сана болса, Күнікейден мал аяр ма едің? Ж.Айм. * Сонда ғана Елтай манадан бері қой құрттап, қойыртпақ ішкен малшының үйіне кіргендей неге жиырылып, кіржіңдемегенін ұқты: тап-тұйнақтай жиналған үй ішінде артық-ауыс зат жоқ, бөтен иіс-қоңыс та сезілмейді. М.Қаб.
