Posted in

ҚОЙҚАПТАҒЫСЫ (ЖЫНЫ, ҚОЯСЫ) ҚОЗДЫ

Жыны келіп, ашу шақырды, ыза болды. * Мылгун бірте- бірте қойқаптағысы қоза түсті де, қарқылдап тұрып күліп жіберіп, кілт үні өшті. Ш.Мұрт. * Қай-қайдағы қойқаптағы жындарым қозыңқырап, жабайылау жаман сөзбен жауап бергім кеп, тілім қышып, уын төккім кеп біраз тұрдым да, Зиба әпкемнің айтқаны есіме түсіп, жақ ашпадым. Ш.Мұрт. * Едігенің бұл сұрағы ителгікөздің қойқаптағы қоясын қоздырып жіберді: – Әй, мен саған айттым ғой: қандай дерек, қайдағы дерек – ол біздің ісіміз. Ш.Мұрт. ~ Едігенің бұл сұрағы ителгікөздің қойқаптағы қоясын қоздырып жіберді: – Әй, мен саған айттым ғой: қандай дерек, қайдағы дерек – ол біздің ісіміз. Және де біз ешкімнің алдында есеп бермейміз. Есіңде болсын. Кәне, айт, не деді Құттыбаев? Ш.Айт.