Posted in

ҚОЙ КӨЗ (КӨЗДІ)

Әдемі келген қоңыр түсті көз. ~ Кешкілік үйге Ғинат ағай кірді. Мейірімге толы кішкене қой көзі бұрынғыдай күлімдейді. К.Сег. ~ – Зүбәржат, қорықпа! Әдемi әнiңдi айтшы, – деп қой көздерi күлiм қақты одан әрмен сүйкiмдi бола түсiп. Ж.Шағ. ~ Дөңгелек қараторы өңіне әжім іздері сызат салған қой көзді, дөңгелек буырыл сақалды кісі әкемді тани: — Е, Жұртекемнің кенже жиені Ысқақ екенсің ғой, төрлет, — деп өте жылы ажармен ізет көрсетті. С.Бег.