Posted in

ҚОЙ ТЕРІСІН ЖАМЫЛҒАН (КӨК БӨРІ)

ҚОЙ ТЕРІСІН ЖАМЫЛҒАН (КӨК БӨРІ) Арам пиғылын жасырып жүрген адам туралы. ~ Кәріліктің енесін ұрайын, ол сәл шегіне
тұрар, әлгі орыс бәлшебектердің ең құрмаса бір-екеуін жер жастандырып, қыршынынан
қиылған баламның кегін неге алмаймын, азар болса о дүниедегі кемпірім, балам екеуімен
қауышармын, бұ дүниеде мен қимайтын не қалды» деген ой-пиғылдың шырмауына
оралады. Осы жайында сол Қытай жерінде қосы ауған өз өрен-жарандарымен ақылдасады.
Ұ.Дос. ~ Мынау жалпақ елді үшкіріп жусатып, ысқырып өргізіп отырған Нарбота баласы
Қожамберген де қой терісін жамылған көк бөрінің өзі. К.Сег.~ Сонда менің көзіме түскен
кемшілік, ел ішінде күні бүгін атқамінер, қой терісін жамылған жуан жұдырықтар аттан
түскен жоқ. C.Бег.