Жүдеу, азып-тозған. * Өзі болса, жаралы. Ел қайда, күн қайда? Қай жақтан келгенін білмейді. Өлсе, иман айтатын да жан жоқ. Ағасы болса, өлді. Үйі қой торғай, панасыз. Бір құнажынын ұрлап қойыпты. Ж.Айм. ~ Оның үстіне бұзау жамыраса ол үйдің іші оразасын ұрыссыз аша алмайды. Сарыбалаға осы жайдың бәрі белгілі бола тұрса да туған ауылын, асық ойнаған жерін көргенде қуанышы қойнына сыймай қолау құнанымен тұра шапты. — Ауылға жеттім, ауылға! — дейді шауып бара жатып. Қоң торғай ауыл сонша қызық көрінді ішінен шыққан балаға. Ғ.Мұст. ~ Онысы әлденеше күн малалаусыз жатқан, торғайлар қаншасын қалдырғанын кім білсін. Астығы, қымыз, еті жоқ Мұстапа қоң торғай отырғанда, одан төменгілердің күні не күйде?! Ғ.Мұст.
