Posted in

ҚОЛ АСТЫНА КІРДІ (ӨТТІ, ЕНДІ, ҚАРАДЫ)

Қарамағына өтті, бодан болды. * Сол ханының үлкені Ақшахан деген еді. Сол ханның қол астына келіп кірді. Сонда ел арасында жүрді. “Ер Тарғын”. * Бұлар қайтып Мұраттың қол астына келе ме, әлде тамшыдай шашырап үлкен майданға сіңіп кете ме? Т.Ахт. * Олар жоңғар қалмақтарынан қатты жәбір көріп отыр; ұлы императрицаның қол астына өткесін, соларға кеткен ұлыстарын кері қайтарып алмақшы». Ә.Кек. * Бұның үстіне Хақназар қол астына енген қырғыз, қарақалпақ елдерінің арасындағы өзара тартыс, дауы да Ақ Орданың күшеюіне әжептәуір кедергі болды. І.Ес. * Енді біз 3-ші екпінді армияның құрамынан шығып, генерал-лейтенант Юшкевич басқаратын 22-ші армияның қол астына қарадық. Ә.Нұрш.