Аман-сен жеңілдеді, босанды. ~ Желікпелі, жел құрсақ қызыл айғыр әзіл-мәзіл етуге торы биеге келіп, мойнын күдірейтіп, қоқырақтап, иіскелеп, оқыранады. «Қойшы өзің! Сендей ерігіп жүргем жоқ, менен басқа да қатындар бар ғой, қол-аяғымды бауырыма ала алмай жүрсем жоқ жерде қысқаны несі…» деген немеше, торы бие құлағын жымитып, артын қиқаң еткізе түседі. Ж.Айм.~ Жоқ, енді Тана аман-есен босанып, қол-аяғын бауырына алмайынша, Ұзақ алыс рейске басын кессе де бармайды.Ауылдан ұзап қия баспайды. С.Мұр. ~ Тезекті жеткізіп берген бала: «Апатайымның жағдайы қалай?» дегенде шешей: «Апатайың аман-есен, қол-аяғын бауырына алды. Дүниеге шынашақтай қыз келді. Осы қызды түбінде саған беремін» депті. С.Молд. * Күн демалыс, Ораз екеуіңіз біздің дастарқаннан дәм татсаңыздар… Келініңіз қол-аяғын жинады… Б.Тоғ.~ Ақыры көндірді. Баласымен алып шығады. Қол-аяғын бауырына жиғанша, жақын туыстарының үйінде болады. Содан соң… қалтасына бар қажетіне жетерлік көп ақша салып береді. Басы бос, қай тарапқа да жол ашық. Әрине, сәбиін тастап кетеді… М.Мағ.
- Бүрісіп, құнысып, бір уыс болып жинақталды. ~ Төсекті бір-біріне тақап салып тығылыса жатқан кісілер көрпе астына кіре сала қол-аяғын бауырына алып тым-тырыс бола қалды. Ә.Нұрп. ~ Ол терезеге жақын төсекте, қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан он бес жастың шамасындағы баласына бұрылды. Үстіндегі жамылған көрпесін тепкілеп түсіріп тастапты. Қол-аяғын бауырына жинап, бүрісе қалған, пыс-пыс етеді. М.Сүн.
