Дене-тұрқы келісті, жұп-жұмыр, сом денелі, қпйратты. ~ Осындай ойлы назды кеміс адам айта ма? Қол-аяғы балғадай екінің бірінен мұндай шұрайлы сөз есіте де алмайсың. Ж.Кем. * Әлгі Қазбегі түскір анда-санда жүз көрсетеді. Тоты оны көрсе бітті, көзі боталап, дәлізге ата жөнеледі. Орта бойлы, шүңкиген жас бала. Қол-аяғы балғадай әдемі қыз қырым еті жоқ Қазбекке қалай ғашық, ол түсініксіз дүние. М.Қаб. * Осыдан үш жыл бұрын ілмиген ап-арық қыз еді, бүгінде қол-аяғы балғадай бойжеткен болды. С.Мұр. ~ Мен осыны көтерем, — деді жас мұғалім. Қол-аяғы балғадай, кеуделі азамат еді. Қара тасты ырғап көтере берді де тастап жіберді. К.Жүн.
