Posted in

ҚОЛ-АЯҒЫ ЖЕРГЕ ТИМЕЙ

Жылдам қозғалу, желдей есу. * Барғанмен көре алмассыз, ұйықтап қалды, – деп еді, ол сөз Бозіңгеннің құлағына бит шаққан құрлы кірген жоқ, қол- аяғы жерге тимей, шошалада сүт пісіріп жатқан қара кемпірге барып, көзін ашып- жұмып естіген хабарын айтты. Ж.Айм. ~ Ол қол-аяғы жерге тимей, жыраға қарай безе қашты. Барған бетте кiсi бойы құламаға бiр-ақ секiрдi. П.Дүй.