Жастай ұзатылған, ата-енесі тәрбиелеген келін. ~ Әке-шешеден жастай айырылып, кедей туысының қолына қараған қыздар мен жесір қалған кедей әйелінің қыздарына құда түсіп, азын-аулақ малын беріп, күйеу әкесінің қалыңдықты 9-10 жасқа толысымен өз қолына алып, бағатын әдет те бар.
Мұны қазақ “қол бала етіп алу” дейді. Қол бала болып жүрген қыз бала болашақ күйеуімен бірге өскенмен, балиғатқа толғанша ерлі-зайыптылық тұрмыс құрмайды. БАҚ
- Біреудің қолында тұрып, жеңіл-желпі жұмыс істеп күн көретін адам. * Ал мен шешем қайтыс болғанда бесікте жатыппын.Өгей шешем есікте жүрген қол бала екен. Қ.Ысқ. * Әуелде қол бала болып нағашы жездесінің су тасу, отын жару тәрізді үй шаруасына көмектескен жігіт кейінірек ел жақсысының атын ерттеп, арбасын жегетін болыпты. БАҚ “Орт. Қаз-н”. ~ – Ал мен шешем қайтыс болғанда бесікте жатыппын. Өгей шешем есікте жүрген қол бала екен. Қ.Ысқ.
- «Ұядан алатын бүркіт «қол бала» деп аталады. Екіншісін «түз бүркіт» дейді. БАҚ
- Барып кел, алып келге жұмсалатын адам. * Бұрын аңшылық дәуірде адамның бәрі тегісінен тынбай тамақ іздейтін кезде, тұтқынды қожалары қол бала қылып өздерімен бірдей тамақ іздетеді. А.Байт. * Огород салатын машина, колхозшы малына шөп әкеп беретін машина. Тіпті отын-су да трактормен тасылады. Бір сөзбен айтқанда, машина бүгінгі шаруаның қол
баласына айналған. С.Шайм.
