Тығыз, қатты, тығыршықтай. * Қандай қызда ләззат бар жан татпаған? Сұлуы бұл заманның тек жатпаған. Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң, Алмасы өкпе болар қол батпаған. Абай. * Белдесе кеттік: денесіне қол батпайды, дуал ұстағандай болдым. Елудің бел ортасындағы әкем мені шиырып бір-ақ атты. БАҚ
- Дәтің бармайды, қимайсың д.м. * Құстарға тиіспеу тыйым ескертпелері, мысалы, … «айдындағы аққуды ақылды мерген атпайды, ақ еркесін айдынның атуға қол батпайды» деген сөздерді құстар айтқан жоқ қой, ол – құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын жарма, қызыл шақа балапанына тиме, құсты атпа, – деген көшпенді қазақтың ұрпақ тәрбиелеудегі ата өсиеті, ана қасиеті. Қ.Шапш.
