Posted in

ҚОЛ ЖЕТКІСІЗ

Тым биік, жоғары, алыстағы, қол жетпейтін, қолға түспейтін. ~ Осыны топтың ішінде болған жас-кәрі, тентек-момынның бәрі де ұқты. Ұсынса қол жеткісіз бәйтеректей болып тұрған зор кеуделі, тәкәппар пішінді, жат сырлы ұлық бүгін жалпайып жерге түсіп, абиыры ақтарылып, жүні жығылып қалғандай болды. М.Әу. ~ Туған ауылын талай-талай қиын -қыстаудан алып өтіп, қол жеткісіз қиырларға бастап жөнелгенде хан жасағы да, қазақ-орыс атамандарының жазалаушы отрядтары да соңынан ілесуге батпай қала беретін. Ә.Әл.