Соққыға жықты, ұрды, қол көтерді, зәбір көрсетті. ~ Көп бөлек ауылдарды дәл қол басына өзі жидырып, қондырған. Және талай жігерлі, қажырлы, қайратты адамдарды ертелі-кеш өзі қайрап, әзірлеп жүрген. “Тобықты қол жұмсаса, сен де қайрат етер қауқарың бар жұртсың. Қай қастығына болса да алысып қарсы тұр. М.Әу. ~ Не себепті балағаттап қол жұмсадың дегенде Қайсаров жөндеп жауап бере алмады. Т.Ахт. ~ Сенің қолыңда күш, билік бар. Өз мақсаттарыңа жету үшін, бәлкім, қол жұмсарсыңдар. Бірақ өзімнің жанымның адалдығына кәміл сенем. К.Тоқ. ~ Қол жұмсаған хулиган тіл жұмсаған хулиганнан несі кем, мен сізге қол жұмсаймын деп айбат көрсетсем, сіз маған тіл жұмсап, бейбастақтық жасап тұрған жоқсыз ба? Ә.Тар.
